Болат Әбдікәрімұлы
ҚАЗ РУС

Өмірбаяны

17 ақпан
1939 ж.
Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Киевка ауылында дүниеге келді
1957 ж. Киевка ауылындағы орта мектепті бітірді
1957 ж. «За освоение целинных земель» медалімен марапатталды
1957-1962 жж. Қарағанды политехникалық институтының студенті
1962-1963 жж. «Абай» көмір тресінің Шахан кентінің жаңа №13 шахтасында слесарь-механик
1963-1968 жж. №41 қалалық кәсіптік-техникалық училищесі директорының орынбасары
1970 ж. «За доблестный труд» мерейтойлық медалімен марапатталды
1966-1973 жж. Қарағанды қаласындағы облыстық комитеттің бюро мүшесі және штаттан тыс бас хатшысы
1968-1973 жж. Қарағанды облыстық кәсіптік-техникалық білім басқармасы бастығының орынбасары
1973-1977 жж. Жезқазған облыстық халық депутаттары кеңісінің депутаты
1977-1979 жж. Жезқазған қалалық халық депутаттары кеңісінің депутаты
1980 ж. «Республиканың кәсіптік-техникалық білім беру ісінің еңбек сіңірген қызметкері» атағы берілді
1981 ж. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды
1973-1983 жж. Жезқазған облыстық кәсіптік-техникалық білім беру басқармасының бастығы
1983-1988 жж. ҚР Мемлекеттік кәсіптік-техникалық білім беру комитеті төрағасының бірінші орынбасары
1988-1990 жж. Қазақ КСР Мемлекеттік аграрлық өнеркәсібінің оқу орындары және кадрларды негізгі басқару басқармасы бастығының орынбасары
1990 ж. Экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін диссертация қорғау
1993 ж. Экономика ғылымдарының доценті атағы берілді
1990-1994 жж. Қазақстан Республикасының Білім министрінің орынбасары
1994-1995 жж. ҚР Жоғары Кеңесінің депутаты
1995ж. Қорғаныс министрлігінің қармағындағы кәсіптік-техникалық білім беру Комитетінің бастығы
1995-1996 жж. Қазақстан Республикасының Білім министрінің қармағындағы кәсіптік-техникалық білім беру Комитетінің бастығы
1996-1997 жж. ҚР Сенат Парламентінің Аппаратында сектор меңгерушісі
1997-2001 жж Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің педагогика кафедрасының меңгерушісі; профессоры
2001 ж. Педагогика ғылымдарының профессоры атағы берілді
2001 г. Ресей кәсіптік білім беру Академиясының толық мүшесі болып сайланды
2001 ж. Халықаралық ақпараттандыру Академиясының толық мүшесі болып сайланды
2005 ж. А.С.Небольсин сыйлығының лауреаты
2005 ж. Қазақстан Педагогикалық ғылымдар Академиясының толық мүшесі болып сайланды
2006 ж. «ҚР Білім беру ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды
2007 ж. «ҚР Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды
2008 ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» ҚР құрметті атағы берілді
2009 ж. «Қазақстанда ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды
2011 ж. ҚР Білім және ғылым Министрлігі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері
2014 ж. «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды
1 наурыз 2014 ж. Дүниеден озды.